Accessibility links

Талдықорғанда қамаудағыларды азаптаған "полицейлер ісі" қайта тергелуі мүмкін


"Қаңтар оқиғасынан кейін азапталдық" деген жәбірленушілер сот процесінде тұр. Талдықорған, 9 қыркүйек 2022 жыл.
"Қаңтар оқиғасынан кейін азапталдық" деген жәбірленушілер сот процесінде тұр. Талдықорған, 9 қыркүйек 2022 жыл.

Талдықорған қаласында Қаңтар оқиғасында қамауға алынған азаматтарды азаптады деген күдікке ілінген 5 полицейдің соты жалғасты. Судья істі қайта тергеуге жіберуі мүмкін.

15 қыркүйекте қаңтарда ұсталғандарды азаптау күдігі бойынша айыпталып жатқан істің төртінші отырысы өтті. Сотта 23 жәбірленушінің бірі Дәурен Аитов жауап берді. Ол 10 қаңтарда қалай ұсталғанынан бастап, қандай азаптау көргенін баяндады. Полиция басқармасында қызметкерлер резеңке таяқпен ұрып, үтік басып қинағанын айтты.

– Қолыма артқа қайырып, кісен тақты. Жерге жатқызып, басымнан аяғымды мыжым тұрады. Айдын [күдіктілерің бірі] үтікті тоққа тығып қойып қыздырып, арқама ыстық үтік басты, - дейді.

Оның сөзінше, осындай әрекет 2-3 рет қайталанған. Аитов полиция басқармасында арқасына үтік басқан полицейдің аты-жөнін атады. Бірақ одан басқа бес полицей болған. «Олардың аты-жөнін, суретін тергеу кезінде көрсеттім, іске неге күдікті ретінде танылмай отыр» деп шағымданды.

Бұл сөзді аталған айыпталушының адвокаты қолдап, істі қайта тергеуге жіберу керегін айтты.

Осыған дейінгі сот отырыстарында бес полицейдің бірі тағылған айыпты іштей мойындаған, қалғаны жоққа шығарған еді.

Ал өткен сот отырысында жауап берген жәбірленуші Арман Теңізбаев өзін азаптаған екі полицейдің аты-жөнін атап, олардың жауапқа тартылмағанына наразылық білдірген.

Күдіктілер қатарында азаптауға қатысы барлардың көбінің жоқ екені айтылған соң кезекті сот отырысы аяқталды. Судья Дүйсенбеков істі қайта тергеуге жіберу-жібермеу мәселесін талқылау үшін алдын ала тыңдау өткізуге шешім қабылдады.

Келесі сот отырысы 30 қыркүйек күні сағат 10-да басталады.

  • Биыл Қаңтар оқиғасы кезінде ресми мәлімет бойынша 238 адам өлген. Оның кемінде алтауын құқық қорғау органдарының қызметкерлері азаптап өлтіргенін билік мойындаған.
  • Адам азаптаған және тыйым салынған тергеу әдістерін қолданған деген күдікке ілінгендер қызметкерлердің жалпы саны - 15 адам. Ал азапталғандардың жалпы саны туралы ресми дерек жоқ. Бұған дейін Қаңтар кезінде зәбір көрген азаматтардың көбі азаптау бойынша шағымдардың баяу жылжып жатқанына шағымданған.

Видео: Абақтыда азап көрді деген Азамат Батырбаев (2 ақпан 2022 жыл).

Абақтыда азап көрді деген Азамат Батырбаев
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:06 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG