Accessibility links

Қаңтардағы азаптаулар туралы ақпарат таратқан журналист Динара Егеубаева үйіне полиция келгенін хабарлады


Қаңтардағы азаптаулар туралы ақпарат таратқан журналист Динара Егеубаева 15 қыркүйекте үйіне полиция келгенін хабарлады.

"Алматы полиция департаментінің екі қызметкері 102-ден қоңырау келіп түскенін, бір ер адам Жамбыл 131 мекенжайдағы үйге бомба қойғанын хабарлапты. Ол үйде мен 20 жыл бұрын тұрғанмын. Жарты сағаттан кейін мен кешірім сұрауға тиіс екенмін, әйтпесе бомбаны жарамын депті-мыс. Полицейлер экстремизм және терроризммен күрес бөлімінен екен. Олар нөмірді терді. Еуропадан екен. Маған қандай да бір қоқан-лоқы жасалды ма деп сұрады. Мен "жоқ" деп жауап бердім" деді Егеубаева әлеуметтік желідегі парақшасында.

Полиция қызметкерлері 16 қыркүйекте Медеу аудандық полиция бөліміне куәгер ретінде шақырған. Журналист ол жаққа адвокатымен баратынын айтып отыр.

"Бұл менің қызметімен байланысты қандай да бір ескерту сияқты. Себебі олар назар аударатын басқа нәрсемен айналыспаймын" деді Егеубаева.

Журналистің сөзіне қарағанда, өзін Олжас Ысқақов деп таныстырған полиция қызметкері сөз арасында "Қаңтар кезінде жараланғанын" айтқан. Жанындағы адам да өзіне оқ тигенін жеткізген.

"Сіздерді кім атты деп сұрап едім, иығын қиқаң еткізді" деді журналист.

Динара Егеубаева кейінгі айларда Қаңтар кезінде азаптауға ұшыраған азаматтардың бастан өткергені жайлы ақпарат таратқан.

Қарай отырыңыз: «Шіркін, демократия орнаса»: Қаңтар дүрбелеңіндегі азаматтық журналистика нышандары (17 ақпан 2022 жыл).

"Шіркін, демократия орнаса". Қаңтар дүрбелеңіндегі азаматтық журналистика нышандары
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:21 0:00

P. S. 16 қыркүйекте журналист Динара Егеубаева Медеу аудандық полиция бармасына тергеуге кірді. Тергеу бір сағатқа жуық уақытқа созылды.

Журналистің айтуынша, адвокаты екеуін кабинетте Алматы қалалық тергеу басқармасы басшысының орынбасары Мұхаммедали Сейсенұлы қарсы алған. «Ол маған [полицияның үйіңізге келуін саяси қызметіңізбен байланыстырған] кешегі жазбаңызды оқыдым. Мүлдем олай емес. [Бұл тергеудің] қызметіңізге қатысы жоқ» деп кабинеттен шығып кетті» дейді Егеубаева.

Тергеу кезінде журналиске қылмыстық кодекстегі терроризм акті туралы көрінеу жалған ақпарат тарату бабымен (273-бап) іс қозғалғаны айтылған. Егеубаеваның сөзінше, оған жиырма жыл бұрын тұрған үйінің астына әлдекім бомба қойғаны туралы қоңырауын тыңдатқан. «Аудиодағы азаматты танымайтынын» айтқан соң Егеубаеваны босатқан.

«Қаңтар оқиғасы, Украина мен күздегі президент сайлауы туралы хабарларым бойынша ештеңе сұрамады» дейді журналист.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG