Accessibility links

Діндер съезіне қатыспаған экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев шара қонағымен мешітте кездесті


Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев және "Әл-Азхар" университетінің бас имамы Ахмед әл-Тайеб (оң жақтан үшінші) жұма намазына қатысып жатыр. Нұр-Сұлтан, 16 қыркүйек 2022 жыл.
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев және "Әл-Азхар" университетінің бас имамы Ахмед әл-Тайеб (оң жақтан үшінші) жұма намазына қатысып жатыр. Нұр-Сұлтан, 16 қыркүйек 2022 жыл.

Астанада өткен Әлем және дәстүрлі діндер лидерлерінің конгресіне қатыспаған бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев съезд қонағы "Әл-Азхар" университетінің бас имамы Ахмед ат-Тайебпен мешітте кездесті. Бұл жөнінде 16 қыркүйекте Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.

"Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев жұма намазын оқу үшін астанадағы бас мешітке барды. Онда Қазақстанның тұңғыш президенті Әлем және дәстүрлі діндер лидерлері конгресінің құрметті қонағы "Әл-Азхар" университетінің бас имамы Ахмед ат-Тайебты жылы қарсы алды" деп жазды Үкібай.

14 қыркүйекте астанада болған Әлем және дәстүрлі діндер лидерлерінің конгресіне 2000-жылдардың басында осы съезді құрған бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев қатыспаған еді.

Сенат төрағасы, Дәстүрлі дін көшбасшылары съезі хатшылығының жетекшісі Мәулен Әшімбаев екі күн бұрын Азаттыққа Назарбаевқа шақыру жіберілгенін растаған.

"Елбасының өзінің басқа жоспарлары болған шығар. Сол себепті осы шараны президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ашып берді" деген еді Әшімбаев.

Видео: Назарбаев Рим папасы қатысқан съезге неге келмеді? Мәулен Әшімбаевтан сұрадық (14 қыркүйек 2022 жыл).

Назарбаев Рим папасы қатысқан съезге неге келмеді? Мәулен Әшімбаевтан сұрадық
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:03 0:00

2003 жылдан бері үш жыл сайын өтіп келе жатқан Әлем және дәстүрлі діндер лидерлерінің конгресін әдетте Нұрсұлтан Назарбаев ашып жүрген. 14 қыркүйекте басталған шараны бірінші рет президент Қасым-Жомарт Тоқаев ашты. Бұл Назарбаев отставкаға кеткеннен бері өткен алғашқы съезд.

Қаңтар оқиғасынан кейін экс-президент Назарбаевтың билікке ықпалы әлсіреп, жақындары мен жақын серіктері билік маңынан аластатылған. Содан бері Назарбаевтың өзінің жұрт алдына шығуы да сиреген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG