Accessibility links

АҚШ өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Арменияға келді


АҚШ өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Ереван әуежайына келген сәті, 17 қыркүйек 2022 жыл.
АҚШ өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Ереван әуежайына келген сәті, 17 қыркүйек 2022 жыл.

АҚШ өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси 17 қыркүйекте Армения астанасы Ереванға ұшып келді. Бұл жөнінде News.am және Armenpress сайттары хабарлады.

Пелоси сапары екі күнге созылады. Осы уақыт аралығында ол Армения премьер-министрі Никол Пашинян, республикалық ұлттық жиын спикері Ален Симонян және өзге де жоғары лауазымды тұлғалармен кездеседі. Бұл жөнінде Американың Еревандағы елшілігі News.am басылымына хабарлады.

Нэнси Пелоси Армения тәуелсіздік алғалы бері елге алғаш келген АҚШ-тың ең жоғары лауазымды тұлғасы.

"Конгресс делегациясының Арменияға сапары – АҚШ-тың бейбіт, гүлденген және демократиялық Армения, сонымен бірге тұрақты және қауіпсіз Кавказды қолдаудан айнымайтындығының көрінісі" деді Пелоси сапар алдында.

Пелоси 200-ден астам адам қырылған Армения мен Әзербайжан арасында жуырдағы қақтығыс тұсында Ереванға сапарлап отыр. Әзербайжан мен Армения арасындағы жағдай 13 қыркүйекте қайта ушыққан. Ереван қақтығыстың салдарынан – 135 жауынгер, Баку 77 солдатынан айырылғанын мәлімдеді.

  • Тамыздың басында Нэнси Пелоси бастаған АҚШ конгресінің делегациясы Тайваньға барған. Соның салдарынан АҚШ-тың Тайваньды өз аумағы санайтын Қытаймен қарым-қатынасы салқындаған. Пекин Пелосидің сапарын "егемендікке қол сұғу" деп атап, Тайвань маңындағы алты акваторияда әскери жаттығу өткізген.
XS
SM
MD
LG