Литва білім министрлігі литва мектептеріне арналған орыс тіліндегі оқулықтардың барлығын тексеріп шығатынын мәлімдеді. Министрлік жетекшісі Юргита Шюкжидинене мектеп бағдарламасында ескі оқулықтарда жазылған Ресей образын сол күйінде қалдыруға болмайтынын айтты. Барлығы 13 оқулық тексеріліп қаралады.
Билік сынаған алғашқы кітап – "B добрый путь" оқулығында Ресей демократиялық мемлекет ретінде сипатталған. Атап айтқанда, онда оқушыларға "Ресей" Қырымына баруға саяхат жасауды ұсынған. Оқулық айналымнан алынып тасталған. Қалған оқулықтарды да Білім жөніндегі ұлттық агенттік тексереді.
Оқулықтар қазіргі саяси жағдайға сәйкес емес деп танылса, кітапханадан алынады. Оларды сатып алып үлгерген мектептерге жаңа оқу материалын алу үшін өтемақы төленеді.