Accessibility links

Астанада Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының соты басталды


Қайрат Сатыбалды
Қайрат Сатыбалды

Астана қаласының Байқоңыр ауданындағы №2 сот Қайрат Сатыбалдының ісін қарауға кірісті. Алғашқы сот отырысы 16 қыркүйекте өткен. Келесі отырысы 20 қыркүйекте болады.

Жергілікті БАҚ хабарына қарағанда, Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды Қылмыстық кодекстің "Алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен мүліктік залал келтіру" (195-бап), "Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу" (189-бап) бабы бойынша айып тағылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдының үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеудің 24 тамызда аяқталғанын хабарлаған. Ведомство "тергеу барысында жалпы сомасы 240 миллиард теңгеден астам қаржы немесе 500 миллион долларға тең заңсыз сатып алынған активтер мемлекетке қайтарылғанын" хабарлаған.

Сонымен қатар, Қайрат Сатыбалдының үстінен "салық пен кеден төлемдерінен жалтарды, қылмыстық жолмен тапқан табысын заңдастырды" деген айыппен қосымша тергеу жүріп жатқанын мәлімдеген.

Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды Forbes Kazakhstan есебі бойынша Қазақстандағы ең ықпалды бизнесмендердің тізіміне кірген. Оны биыл наурыз айында қамауға алған. Сарапшылар экс-президент туыстарының қамауға алынып, отбасы мүшелерінің жоғары лауазымдардан шеттетілгенін бұрынғы кланның әлсірегені ретінде бағалайды.

2021 жылы Азаттық зерттеуінде Люксембургтың LRB реестрінің мәліметі бойынша, Қайрат Сатыбалды Skyline Investment Company S.A офшор фирмасының жалғыз иесі екені айтылған. Ашық дереккөздер Қайрат Сатыбалды 2016 жылы Alatau Capital Invest компаниясы арқылы "Қазақтелекомның" акциясын сатып алғанын көрсеткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG