Accessibility links

Тоқаев қырғыз және тәжік президенттеріне көңіл айтып, дауды бейбіт жолмен шешуге шақырды

Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыста өртенген көлік.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонға қырғыз-тәжік шекарасында болған қақтығыста байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл – Ақорданың Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы әскери қақтығысқа алғашқы ресми реакциясы.

Екі ел президентіне жолданған жеделхатта "Қазақстан аймақтағы кез келген даулы мәселені тек бейбіт жолмен және саяси дипломатиялық әдістермен шешуді жақтайтыны" жазылған.

Тоқаев "қырғыз халқына мықты рух, бейбітшілік және бақ-береке тілесе", Рахмонға жолдаған хатында "қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірген".

16 қыркүйекте қырғыз-тәжік шекарасында әскери қақтығыс басталып, екі тарап бір-бірін ауыр техникамен шабуылдады деп айыптады. Сол күні кешкісін екі ел атысты тоқтату туралы келіскенімен, екі тарап бір-бірін келісімді бұзды деп кінәлады. Бұған қоса, Бішкек пен Душанбе бір-бірін "әскери агрессия жасады" деп те айыптады.

Қырғызстан қақтығыстан 59 адам қаза тапқанын, Тәжікстан 32 адам қаза болғанын айтады.

19 қыркүйек Қырғызстанда ұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

Совет Одағы 1991 жылы құлағалы бері Орталық Азиядағы кейбір мемлекеттер шекара мәселесін шеше алмай келеді. Әсіресе, Тәжікстан, Өзбекстан мен Қырғызстанға ортақ Ферғана аңғары бойындағы аумақтың даулы тұстары көп. Қырғыз-тәжік шекарасының жалпы ұзындығы – 970 шақырым. Қазірге дейін 504 километріне байланысты делимитация және демаркация жұмыстары жүргізілген. Ал шекараның келісілмеген тұстары сондағы елді мекендердегі су, жер және әлі анықталмаған шекараны кесіп өту мәселелері дауға жиі себеп болады. Даудың соңы жанжалға ұласып, тараптар бір-біріне қарудан оқ атады. Кейінгі уақытта екі тараптар арасында жанжал жиілеп кетті.

Қырғыз-тәжік шекарасындағы қарулы жанжал ондаған адамның өмірін қиды

14 қыркүйекте Тәжікстанның Исфара және Бобожон Гафуров аудандарының Қырғызстанның Баткен облысымен шектескен тұсында басталған жанжал көп ұзамай Тәжікстанның Лахш ауданы мен Қырғызстанның Ош облысы арасындағы шекарада жалғасқан.

Суретте: қырғыз-тәжік шекарасындағы қарулы жанжал кезінде өртеніп кеткен "Достық"  базары. Лейлек ауданы, Интернационал ауылы, Қырғызстан. 19 қыркүйек 2022 жыл.
1/11 14 қыркүйекте Тәжікстанның Исфара және Бобожон Гафуров аудандарының Қырғызстанның Баткен облысымен шектескен тұсында басталған жанжал көп ұзамай Тәжікстанның Лахш ауданы мен Қырғызстанның Ош облысы арасындағы шекарада жалғасқан.

Суретте: қырғыз-тәжік шекарасындағы қарулы жанжал кезінде өртеніп кеткен "Достық"  базары. Лейлек ауданы, Интернационал ауылы, Қырғызстан. 19 қыркүйек 2022 жыл.
Бішкек қырғыз-тәжік шекарасы маңындағы қарулы жанжал құрбандары саны 59 адамға жеткенін, ал Душанбе қақтығыстан 32 азаматы қаза тапқанын хабарлады. Бұл мәліметтерді тәуелсіз дереккөздерден анықтау мүмкін болмай тұр. Екі тарап бір-бірін "әскери агрессия жасады" деп айыптайды.
Қырғызстан билігінің кейінгі мәліметі бойынша, қарулы жанжал құрбандарының саны 59 адамға жеткен, арасында 15 жасар қыз да бар. Елдегі баспасөз құралдарын қатаң бақылауда ұстайтын Тәжікстанда үкімет жанжалдан зардап шеккендер жөнінде бірнеше күн бойы ешқандай ақпарат бермеді. Тек 18 қыркүйекте Душанбе "қақтығыстан 32 адам өлген, көпшілігі - бейбіт тұрғындар" деп хабарлады. Бұл мәліметтерді өзге тәуелсіз дереккөздерден анықтау мүмкін болмай тұр. Қырғызстан 19 қыркүйекті Ұлттық аза күні деп жариялады.

Суретте: қырғыз-тәжік шекарасындағы қарулы жанжал салдарынан қаза тапқан қырғызстандық Бекмырза Шарабидинді жерлеу рәсімі. Наукен ауданы, Қырғызстан, 18 қыркүйек 2022 жыл.
2/11 Қырғызстан билігінің кейінгі мәліметі бойынша, қарулы жанжал құрбандарының саны 59 адамға жеткен, арасында 15 жасар қыз да бар. Елдегі баспасөз құралдарын қатаң бақылауда ұстайтын Тәжікстанда үкімет жанжалдан зардап шеккендер жөнінде бірнеше күн бойы ешқандай ақпарат бермеді. Тек 18 қыркүйекте Душанбе "қақтығыстан 32 адам өлген, көпшілігі - бейбіт тұрғындар" деп хабарлады. Бұл мәліметтерді өзге тәуелсіз дереккөздерден анықтау мүмкін болмай тұр. Қырғызстан 19 қыркүйекті Ұлттық аза күні деп жариялады.

Суретте: қырғыз-тәжік шекарасындағы қарулы жанжал салдарынан қаза тапқан қырғызстандық Бекмырза Шарабидинді жерлеу рәсімі. Наукен ауданы, Қырғызстан, 18 қыркүйек 2022 жыл.
Бішкек қырғыз-тәжік шекарасы маңындағы қарулы жанжал құрбандары саны 59 адамға жеткенін, ал Душанбе қақтығыстан 32 азаматы қаза тапқанын хабарлады. Бұл мәліметтерді тәуелсіз дереккөздерден анықтау мүмкін болмай тұр. Екі тарап бір-бірін "әскери агрессия жасады" деп айыптайды.
Қырғызстан билігінің дерегінше, қарулы жанжал салдарынан 144 адам жараланған. Олардың көбі Бішкек пен Оштың ауруханаларына жеткізілген. Қақтығыс болған аймақтан 140 мың адам көшірілген.

Суретте: шекара маңындағы жанжал салдарынан қираған ғимарат. Қырғызстан, Баткен облысы.
3/11 Қырғызстан билігінің дерегінше, қарулы жанжал салдарынан 144 адам жараланған. Олардың көбі Бішкек пен Оштың ауруханаларына жеткізілген. Қақтығыс болған аймақтан 140 мың адам көшірілген.

Суретте: шекара маңындағы жанжал салдарынан қираған ғимарат. Қырғызстан, Баткен облысы.
Бішкек қырғыз-тәжік шекарасы маңындағы қарулы жанжал құрбандары саны 59 адамға жеткенін, ал Душанбе қақтығыстан 32 азаматы қаза тапқанын хабарлады. Бұл мәліметтерді тәуелсіз дереккөздерден анықтау мүмкін болмай тұр. Екі тарап бір-бірін "әскери агрессия жасады" деп айыптайды.
Қырғызстанның Тәжікстанмен шекарасы аймағындағы Құлынды, Мақсат, Интернационал, Оочу, Сада, Раззаков, Ақ арық, Қайрағаш, Бұлақ басы ауылдарында тұратын мыңдаған адам Сүлікті және Раззаков кенттеріне көшірілген. Арқа, Достық, Жастық, Центральный, Бескент ауылдарының халқы тау бөктеріндегі Марғын ауылын паналаған.

Суретте: өртенген шағын автобустың қаңқасы. Интернационал ауылы, Қырғызстан.
4/11 Қырғызстанның Тәжікстанмен шекарасы аймағындағы Құлынды, Мақсат, Интернационал, Оочу, Сада, Раззаков, Ақ арық, Қайрағаш, Бұлақ басы ауылдарында тұратын мыңдаған адам Сүлікті және Раззаков кенттеріне көшірілген. Арқа, Достық, Жастық, Центральный, Бескент ауылдарының халқы тау бөктеріндегі Марғын ауылын паналаған.

Суретте: өртенген шағын автобустың қаңқасы. Интернационал ауылы, Қырғызстан.
Бішкек қырғыз-тәжік шекарасы маңындағы қарулы жанжал құрбандары саны 59 адамға жеткенін, ал Душанбе қақтығыстан 32 азаматы қаза тапқанын хабарлады. Бұл мәліметтерді тәуелсіз дереккөздерден анықтау мүмкін болмай тұр. Екі тарап бір-бірін "әскери агрессия жасады" деп айыптайды.
Қырғыз-тәжік шекарасы маңында қарулы қақтығыс салдарынан қирап-бүлінген елді мекендер туралы фото мен видео әлеуметтік желіде көп тарады.

Суретте: Интернациоальный ауылындағы өртенген "Достық" базарының қақпасы. Лейлек ауданы, Қырғызстан 19 қыркүйек 2022 жыл.
5/11 Қырғыз-тәжік шекарасы маңында қарулы қақтығыс салдарынан қирап-бүлінген елді мекендер туралы фото мен видео әлеуметтік желіде көп тарады.

Суретте: Интернациоальный ауылындағы өртенген "Достық" базарының қақпасы. Лейлек ауданы, Қырғызстан 19 қыркүйек 2022 жыл.
Бішкек қырғыз-тәжік шекарасы маңындағы қарулы жанжал құрбандары саны 59 адамға жеткенін, ал Душанбе қақтығыстан 32 азаматы қаза тапқанын хабарлады. Бұл мәліметтерді тәуелсіз дереккөздерден анықтау мүмкін болмай тұр. Екі тарап бір-бірін "әскери агрессия жасады" деп айыптайды.
Екі тарап шекарадағы қарулы жанжалды бір-бірінен көріп отыр. Тәжікстан Қырғызстанды тұрғын үйлер мен азаматтық нысандарды әскери тікұшақ, дрон мен ауыр қару-жарақпен атқылады деп айыптады. Бішкек болса, "Қырғызстан күштері тек қорғанған", "тәжік шекарашылары бірінші болып оқ атып, Баткенге ауыр қару мен зымыран атып шабуылдады" дейді.

Суретте: қарулы жанжал салдарынан өртенген жеңіл көліктің қаңқасы. Исфара ауданы, Тәжікстан.
6/11 Екі тарап шекарадағы қарулы жанжалды бір-бірінен көріп отыр. Тәжікстан Қырғызстанды тұрғын үйлер мен азаматтық нысандарды әскери тікұшақ, дрон мен ауыр қару-жарақпен атқылады деп айыптады. Бішкек болса, "Қырғызстан күштері тек қорғанған", "тәжік шекарашылары бірінші болып оқ атып, Баткенге ауыр қару мен зымыран атып шабуылдады" дейді.

Суретте: қарулы жанжал салдарынан өртенген жеңіл көліктің қаңқасы. Исфара ауданы, Тәжікстан.
Бішкек қырғыз-тәжік шекарасы маңындағы қарулы жанжал құрбандары саны 59 адамға жеткенін, ал Душанбе қақтығыстан 32 азаматы қаза тапқанын хабарлады. Бұл мәліметтерді тәуелсіз дереккөздерден анықтау мүмкін болмай тұр. Екі тарап бір-бірін "әскери агрессия жасады" деп айыптайды.
Суретте: көлік жолына түскен әскери снарядтың бөлігі. Баткен облысы, Қырғызстан.
7/11 Суретте: көлік жолына түскен әскери снарядтың бөлігі. Баткен облысы, Қырғызстан.
Бішкек қырғыз-тәжік шекарасы маңындағы қарулы жанжал құрбандары саны 59 адамға жеткенін, ал Душанбе қақтығыстан 32 азаматы қаза тапқанын хабарлады. Бұл мәліметтерді тәуелсіз дереккөздерден анықтау мүмкін болмай тұр. Екі тарап бір-бірін "әскери агрессия жасады" деп айыптайды.
Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы 970 шақырым шекараның басым бөлігі әлі күнге нақты белгіленбеген. Соған байланысты екі ел халқы мен шекарашылары оқта-текте су мен жерге бола қақтығысып қалады.

Суретте: Қақтығыс салдарынан бұлінен ғимарат. Исфара ауданы, Тәжікстан.
8/11 Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы 970 шақырым шекараның басым бөлігі әлі күнге нақты белгіленбеген. Соған байланысты екі ел халқы мен шекарашылары оқта-текте су мен жерге бола қақтығысып қалады.

Суретте: Қақтығыс салдарынан бұлінен ғимарат. Исфара ауданы, Тәжікстан.
Бішкек қырғыз-тәжік шекарасы маңындағы қарулы жанжал құрбандары саны 59 адамға жеткенін, ал Душанбе қақтығыстан 32 азаматы қаза тапқанын хабарлады. Бұл мәліметтерді тәуелсіз дереккөздерден анықтау мүмкін болмай тұр. Екі тарап бір-бірін "әскери агрессия жасады" деп айыптайды.
Қырғызстанмен шекарадағы қарулы қақтығыс салдарынан бүлінген жеке меншік тұрғын үй. Овчикалача ауылы, Тәжікстан, 16 қыркүйек 2022 жыл.
9/11 Қырғызстанмен шекарадағы қарулы қақтығыс салдарынан бүлінген жеке меншік тұрғын үй. Овчикалача ауылы, Тәжікстан, 16 қыркүйек 2022 жыл.
Бішкек қырғыз-тәжік шекарасы маңындағы қарулы жанжал құрбандары саны 59 адамға жеткенін, ал Душанбе қақтығыстан 32 азаматы қаза тапқанын хабарлады. Бұл мәліметтерді тәуелсіз дереккөздерден анықтау мүмкін болмай тұр. Екі тарап бір-бірін "әскери агрессия жасады" деп айыптайды.
Қарулы жанжал барысында бүлінген жеке меншік тұрғын үйдің ауласындағы жеңіл көлік. Исфара ауданы, Тәжікстан.
10/11 Қарулы жанжал барысында бүлінген жеке меншік тұрғын үйдің ауласындағы жеңіл көлік. Исфара ауданы, Тәжікстан.
Бішкек қырғыз-тәжік шекарасы маңындағы қарулы жанжал құрбандары саны 59 адамға жеткенін, ал Душанбе қақтығыстан 32 азаматы қаза тапқанын хабарлады. Бұл мәліметтерді тәуелсіз дереккөздерден анықтау мүмкін болмай тұр. Екі тарап бір-бірін "әскери агрессия жасады" деп айыптайды.
Қарулы қақтығыс салдарынан бүлінген жеке меншік тұрғын үй. Овчикалача ауылы, Тәжікстан, 16 қыркүйек 2022 жыл.
11/11 Қарулы қақтығыс салдарынан бүлінген жеке меншік тұрғын үй. Овчикалача ауылы, Тәжікстан, 16 қыркүйек 2022 жыл.
Бішкек қырғыз-тәжік шекарасы маңындағы қарулы жанжал құрбандары саны 59 адамға жеткенін, ал Душанбе қақтығыстан 32 азаматы қаза тапқанын хабарлады. Бұл мәліметтерді тәуелсіз дереккөздерден анықтау мүмкін болмай тұр. Екі тарап бір-бірін "әскери агрессия жасады" деп айыптайды.
Previous slide
Next slide

XS
SM
MD
LG