Accessibility links

Америка генералы: Ресей Украина әуе кеңістігіне үстемдік ете алмады


Киев түбінде тұрған С-300 зенит зымыран кешені
Киев түбінде тұрған С-300 зенит зымыран кешені

Украина әуе қорғанысы күштері қазірге дейін Ресейдің кем дегенде 55 ұшағын атып түсіріп, әуеде үстемдік етуіне мүмкіндік бермеген. Мұны АҚШ-тың Еуропа мен Африкадағы әскери әуе күштерінің қолбасшысы Джеймс Хекер дүйсенбі күні айтқан.

Генерал Хекердің сөзінше, Ресейдің жойғыш ұшақтары мен бомбалаушы ұшақтары Ресей шабуылында айтарлықтай маңызды рөл атқарып жатқан жоқ. Украина әскері оларға қарсы Совет кезінде жасалған С-300 және "Бук" зымырандарын қолданып жүр.

"Киев одақтастарынан Шығыс Еуропа елдерінің әскери арсеналындағы осындай кешендерді сұрап отыр" дейді Джеймс Хекер.

Ресей әскери әуе күштерінің майдан аспанын сенімді түрде "жаба" алмауы Америка бақылаушыларына мейлінше тосын көрінген. Олар Ресей Украина аспанында толық үстемдік етеді деп күткен. Американың бағалауына қарағанда, Украина әскери ұшақтарының 80 пайызын сақтап қала алған. Генерал Хекер "Ресей шабуыл бастағанда Украинаның зенит зымыран кешендерін жоюға бар күшін салмай қателік жіберген" деп санайды.

Украина тамыздан бастап Американың радиолокацияға қарсы AGM-88 зымыранын ала бастаған. Оларды АҚШ мамандары Су-27 және Миг-29 жойғыш ұшақтарына орнатады. Бұл зымырандар Ресейдің зенит зымыран құрылғыларын "басып тастауға" пайдаланылады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG