Украинаның Ресей басып алған Херсон облысының "қоғамдық кеңесі" тез арада рефрендум өткізуді ұсынды. Ұсыныста "бұл өтініш Херсон облысының тұғындары мен қоғамдық ұйымдарының тілегі бойынша айтылды" деп көрсетілген деп жазады "Интерфакс".
Қоғамдық кеңес мүшелері "бастаманы Херсон облысының тұрығндары қолайтынына толық сенеді". Олар Ресей құрамына кіру қауіпсіздікке кепіл болады деп санайды.
Сонымен қатар Мелитополь қаласына да Запарожье облысының тұрғындары жиналып, Ресей құрамына кіру жөніндегі референдум мәселесін қарайтын съезд өткізіп жатыр деген хабар тарады. Украина бақылауында тұрған облыс орталығы — Запорожье қаласында облыс тұрғындарының тең жартысы өмір сүреді.
19 қыркүйекте сепаратистік ДХР мен ЛХР-дің "қоғамдық кеңестері" Ресей құрамына қосылу жөнінде тез арада референдум өткізуді талап еткен.
- Ресей Украина жеріне биыл 24 ақпанда басып кірген. Наурыздың басында Ресей әскері Херсон облысын басып алған. Донецк, Луганск және Запорожье облыстарымен қатар бұл өңірдегі сепартистік күштер мен Ресей билігі референдум өткізгісі келеді. Киев мұндай референдум Украина заңына қайшы келетінін, сондықтан референдум нәтижесін мойындамайтынын мәлімдеген.
ПІКІРЛЕР