Accessibility links

АҚШ Душанбе мен Ташкентке Ауғанстанның әскери ұшақтары мен тікұшақтарын беруі мүмкін


АҚШ-тың Тәжікстан және Өзбекстанмен жүргізіп жатқан келіссөзінің нәтижесінде екі елге былтыр, 2021 жылы тамызда Ауғанстан билігін тәлібтер басып алған кезде әскери әуе күштерінің ұшқыштары алып кеткен 60-тан астам ұшақ мен тікұшақ берілуі мүмкін.

Politico басылымы Вашингтон бұған айырбас ретінде Ташкент пен Душанбеден ауған жеріндегі террор топтардың соңына түсуге жәрдем көрсетуді сұрайды деп жазады.

АҚШ қорғаныс министрлігінің мәліметіне қарағанда, қазір Өзбекстанда 46, Тәжікстанда 18 ауған әуе техникасы тұр.

Politico дереккөздерінің бірінің сөзіне қарағанда, Вашингтон Орталық Аззия елдерімен қауіпсіздік және терроризммен күрес саласындағы қатынастарды тереңдету жөнінде бейресми келісім жасауды жоспарлап отыр. Мұның ішіне барлау мәліметтерін бөлісу және бұл елдерге Ауғанстандағы террор әрекеттерді бақылайтын аймақтық плацдарм ретінде әскер орналастыру мәселелері кіреді.

"Талибан" жетекшілері ауған билігіне келген соң Ауғанстанға тиесілі ұшақтарды Өзбекстаннан қайтарып беруді бірнеше рет талап еткен. Ташкент әскери әуе техникаларын тек АҚШ-қа беретінін, өйткені ол үшін АҚШ үкіметі төлегенін мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG