Accessibility links

Санкцияға байланысты Ресей құрамасы 2024 жылы өтетін Еуропа чемпионатына қатыса алмайды


Ресей құрамасының футболкасы
Ресей құрамасының футболкасы

УЕФА санкциясына байланысты футболдан Ресей құрамасы Еуро-24 іріктеу жеребесіне қатыса алмайды.

Мұны Ресей футбол одағы растады. "Еуропа футбол ассоциациясы одағының санкциясына байланысты Ресей құрамасы 9 қазанда Франкфуртте тасталатын жеребеге қатыса алмайды. Себеп - УЕФА-ның Ресей құрамасы мен клубтарының осы ұйым өткізетін жарыстарға қатысуғаақпан айында тыйым салғанында", - дейді Ресей футбол одағының баспасөз қызметі.

"УЕФА шешімі үстінен Ресей футбол одағы Лозаннадағы (CAS) Спорт арбитражы сотына шағым түсірген, бірақ қанағаттандырылмаған" деп жазады Sports.ru.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG