Accessibility links

Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан-Ауғанстан көлік дәлізімен тәжірибе пойыз жолға шыққан


Қашқар-Ош-Әндіжан-Галаба-Хайратон теміржол бағыты бойынша алғашқы тәжірибе пойыз жолға шыққан. Бұл бағыт алдағы уақытқа жоспарланып отырған Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан-Ауғанстан көлік дәлізінің негізігі бөлігі саналады. Бұл жөнінде "Узбекистон темир йуллари" компаниясына сілтеп Азаттықтың Өзбек редакциясы хабарлады.

Пойыз Ош теміржол станциясынан шыққан. Қытайдың Қашқар қаласында контейнерлерге тауар тиеліп, Ош теміржол станциясына авткокөлікпен әкелген. Тауар "Узбекистон темир йуллари" арқылы екі күннен соң Ауғанстанның Мазари-Шариф қаласына жеткізіледі.

Бұл бағыттағы жүк тасымалына Өзбекстан 70 пайыз, өзге елдер 50 жеңілдік жасаған.

Биыл 14 қыркүйекте Самарқанда өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті кезінде "Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан" теміржол құрылысы бойынша үш жақты келісімге қол қойылған. Мұндай теміржол салу жөнінде 2000 жылдардан бері айтылып келе жатса да бұған дейін жүзеге аспаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG