Accessibility links

Санкцияның күші: Қазақстанның Халық Банкі де "Мир" картасынан бас тартты


An employee of Halyk Bank in Almaty changes the exchange rate. March 18, 2020
An employee of Halyk Bank in Almaty changes the exchange rate. March 18, 2020

Қазақстанның Халық Банкі Ресейдің "Мир" төлем жүйесінің картасын қабылдауды тоқтатты. Бұл жөнінде Kursiv.Media басылымына Халық банктің кол-орталығы хабарлаған. Опеатордың сөзінше, қазір клиенттер "Мир" картасынан ақша алмайды.

"Мир" картасы бар адамдар ВТБ, Сбербанк (қазіргі Bereke Bank) және Банк ЦентрКредиттен (оған "Альфа банктің" Қазақстандағы еншілес банкі қосылған) бұрынғыша қаржысын ала алады. Басылым Банк ЦентрКредит айына 50 мың теңгеден артық бермейді деп жазған.

Бұған дейін Түркияның Iş Bankası, DenizBank банктері "Мир" картасымен жұмыс істеуден бас тартқан. Әлеуметтік желіде түріктің кейбір қонақүйлері де бұл картаны қабылдамайтыны туралы хабар тараған.

БАҚ жазуына қарағанда, таяуда түріктің Vakıfbank, Ziraat Bank және Halkbank-тері де "Мир" картасын пайдалануды доғаруы мүмкін.

Бұрын АҚШ "Мир" төлем жүйесін пайдаланудан сақтандырған болатын.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG