Қазақстан Украина президенті Владимир Зеленскийді БҰҰ Бас ассамблеясында онлайн-сөйлеуіне берген дауысын қайтарып алды. Сыртқы істер министрінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Қазақстан "өзге елдердің басшыларына да онлайн сөйлеуге мүмкінік берілсін" деген Беларусь ұсынған түзетуге дауыс берген.
17 қыркүйекте БҰҰ Бас ассамблеясы Украина президенті Владимир Зеленскийдің 77-съезде онлайн сөйлеуіне рұқсат берген. Оны қолдап дауыс берген 100-ден астам елдің ішінде Қазақстан бар еді. Жеті ел - Ресей, Беларусь, Сирия, Куба, Эритрея, Никарагуа және Солтүстік Корея қарсы дауыс беріп, арасында Қытай да бар 19 ел қалыс қалған.
Айбе Смадияровтың сөзінше, Беларусьтің түзетуі жеткілікті дауыс жинай алмай, кері қайтқан, сөйтіп "Қазақстанның да дауысы автоматы түрде жойылған".
"БҰҰ хатшылығына нота жіберіп, қалыс қалатынымызды айттық",- дейді Смадияров.
Оның сөзінше, "Қазқстан нақты бір елге ғана емес, бәріне бірдей құқық берілгені дұрыс деп есептейді".
Украина президенті Зеленский 21 қыркүйектің кешінде БҰҰ Бас ассамблеясында онлайн сөйлейді.
Бұған дейін Кремль Ресей президенті Владимир Путин БҰҰ бас ассамблеясының 77-сессиясына қатыспайтынын хабарлаған.
Қазақстан Біріккен ұлттар ұйымының Ресей әскерін Украинадан алып кетіп, соғысты тоқтатуды талап еткен резолюциясына дауыс бермей қалыс қалған.
ПІКІРЛЕР