Accessibility links

БҰҰ-да сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев "демократияны дамытуға нағыз серпіліс жасап жатқанын" айтты


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Қыркүйектің 20-сына БҰҰ Бас ассамблеясы 77-сессиясының жалпы дебатында сөйлеген президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда жасап жатқан саяси реформаларына тоқталды.

Ол таяуда өзінің ұсынысымен Қазақстан конституциясына енгізілген өзгеріс - президент өкілетін жеті жылдық бір мерзіммен шектеуді "демократияны дамытудағы нағыз серпіліс" деп атады.

Қасым-Жомарт Тоқаев кейінгі үш жылдағы "саяси реформаларын" да баяндап, "елеулі өзгеріс" жасағанын баяндаған.

- Жаңа заңдар саяси партияларды тіркеуді жеңілдетіп, саяси ұйымдардың парламентке өту шегін 7 пайыздан 5 пайызға дейін қысқартты. Партиялық сайлау тізімдеріндегі әйелдер мен жастарға міндетті 30 пайыздық квота қарастырылған. Қоғам мен билік арасындағы ашықтық мәдениетін дамыту үшін бейбіт жиындар туралы заңға өзгертулер енгіздік. Енді жиын өткізу үшін мемлекеттік органдардың келісімі қажет емес,-дейді ол.

Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан "бұл өзгерістер" Қазақстан қоғамында бұған дейін әлденеше рет талқыланған. Тәуелсіз саяси сарапшылар "Тоқаевтың саяси реформалары" - экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтан қалған саяси жүйені өзгерте алмайтын, сырт көз үшін жасалған косметикалық бояу" деп есептейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG