Accessibility links

Путин мобилизация жариялаған соң Мәскеуден Минск, Стамбул, Ереванға ұшақ билеті сатылып кетті


Улан-Удэ қаласында мобилизацияға қарсы шыққан тұрғын. 21 қыркүйек 2022 жыл.
Улан-Удэ қаласында мобилизацияға қарсы шыққан тұрғын. 21 қыркүйек 2022 жыл.

21 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин елде ішінара мобилизация жариялаған соң Мәскеуден Ресей азаматтары визасыз кіре алатын елдерге ұшақ билеттері бірдемде сатылып кетті.

"Верстка" мен "Медуза" сайттарының жазуынша, қазір Мәскеуде 21 қыркүйекке Стамбул, Ереван, Минск, Баку, Ташкентке ұшатын ұшақтарға билет жоқ.

Ал "Аэрофлот" сайтында Мәскеуден Минскіге 22 қыркүйекте ұшатын рейстің билеті – эконом класс 43106 рубль (310 мың теңге), бизнес класс 106631 рубль (767 мың теңге) болып тұр.

Беларусь пен Ресей арасындағы келісімге сай, екі елдің азаматтары ішкі төлқұжатпен кіре береді, шекарада тексеріс жоқ. Құжатты рейс орындайтын компаниялардың (автобус, пойыз, ұшақ) қызметкерлері ғана тексереді.

Қазір "Белавиа" компаниясының Мәскеуден Минскіге 21 қыркүйекке рейсін мүлдем алып тастаған. Бұл әуе компаниясының Минскіден Ереван, Стамбул, Алматы, Тбилиси, Батуми, Кутаисиге де 21 қыркүйектегі рейстері ұшпайды.

Бүгінге, 21 қыркүйекке Ресейден Беларуське автобус пен пойыз ғана бар.

21 қыркүйекте Путин елде ішінара мобилизация жариялап, әскерге запастағы әскерилер, қарулы күштер қатарында бұрын қызмет еткендер, тәжірибесі бар әскери мамандар шақырылатынын айтты. Ал Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу әскерге 300 мың адамды шақыру жоспарда барын мәлімдеді.

Кремльдің бұл шешімінен соң Хабаровск, Якутск, Иркутск, Улан-Удэ, Томск қалаларында жұрт мобилизацияға қарсы наразылыққа шықты. Азаттықтың Сибирь.Реалии жобасының жазуынша, Иркутскіде он адам ұсталған, Томск қаласында да ұсталғандар бар.

Мәскеу прокуратурасы наразылыққа шыққандар "15 жылға дейін сотталуы мүмкін" деп ескерту жасады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG