Accessibility links

Жемқорлықпен күрес агенттігі Қайрат Сатыбалдының "сыбайласына" іздеу жарияланғанын хабарлады


Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды (оң жақта) және оның сыбайласы делінген Эфенди Кемаль.
Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды (оң жақта) және оның сыбайласы делінген Эфенди Кемаль.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының "сыбайласы" Эфенди Кемаль есімді Қазақстан азаматына іздеу жарияланғанын хабарлады.

Агенттіктің жазуынша, "қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру" фактілері бойынша Сатыбалдыға қозғалған қылмыстық іс аясында тергеу амалдары жалғасып жатыр. Тергеу барысында "Сатыбалдының сенімді адамы – Қазақстан азаматы 1983 жылы туған Эфенди Кемальдың бірқатар кәсіпорындардың құрылтайшысы және директор екені" анықталған.

"Эфендидің қылмыстық рөлі кеден саласындағы мәселелерді шешу, қылмыстық жолмен алынған ақшаны және басқа да мүлікті заңдастыру болды. Ол үшін оған Қайрат Сатыбалдыұлы шоттан ақша алуға сенімхат берген. Мысалы, Эфендидің бір эпизоды бойынша ғана 2018 жылдың шілдесі мен тамыз айының 3 күн ішінде Қайрат Сатыбалдыұлының жеке шотынан қолма-қол 37 млрд теңге және 62 млн ақша алған" деп жазылған агенттіктің жексенбі күнгі хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, биыл ақпан айынан бастап Эфенди Қазақстаннан кетіп, "қылмыстық қудалау органдарынан жалтарған".

"Оның құқыққа қарсы әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 218-бабының 3-бөлігі 3-тармағы бойынша сараланып, іздеу жарияланды" дейді агенттік.

Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды көктемде "қызметтік өкілетін асыра пайдаланды", ірі көлемде "Қазақтелеком" және "Көлік сервис орталығы" қаржысын ұрлады деген күдікпен қамауға алынған. Бұған дейін құқық қорғау органдары оның өзге де қылмысқа қатысы бары анықталып жатыр деп мәлімдеген.

Сатыбалдының соты қыркүйек басында басталып, аяқталуға аз қалды. 23 қыркүйек күнгі жарыссөзде прокурор оған алты жыл түрме жазасын сұрады. Оған үкім 26 қыркүйекте шығады.

Видео: "Самат, бәрін түсіндің ғой?" Қайрат Сатыбалдының соты қалай өтіп жатыр? (20 қыркүйек 2022 жыл).

"Самат, бәрін түсіндің ғой?" Қайрат Сатыбалдының соты қалай өтіп жатыр?
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:39 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG