Accessibility links

Ресей арнаулы қызметі Навальный штабының бұрынғы қызметкерін Қазақстанмен шекарадан қайтарған


Ресейдің Орынбор облысынан Қазақстан шекарасына беттеген көлік кезегі. 22 қыркүйек 2022 жыл
Ресейдің Орынбор облысынан Қазақстан шекарасына беттеген көлік кезегі. 22 қыркүйек 2022 жыл

"Дождь" телеарнасының бұрынғы журналисі Алексей Навальный штабының Санкт-Петербургтегі қызметкері Денис Кабаковты Қазақстан шекарасында кідіртіп, кейін қайтарған. Бұл жөніде "Ротонда" басылымы жариялады.

Омбы облысының Есілкөл шекара пунктінде Кабаковты Ресей федералды қауіпсіздік қызметкерлері тоқтатып, екі сағаттан аса тергеген. "Ротонданың" жазуына қарағанда, Ресей арнаулы қызметі Петербург оппозиционерлері мен Навальный штабының бұрынғы қызметкерлері жайлы сұраған.

Кабаковты тергеуден кейін босатып, Ресей аумағынан шығып кетсе қылмыстық жауапқа тартылатыны туралы қағазға қол қойдырған.

Әскерге шақырылуы мүмкін азаматтардың Ресейден кетуіне тыйым салынуы мүмкін деген ақпаратты "Вёрстка" басылымы жоғары лауазымды шенеуніктерге сілтеп жариялаған. "Медуза" да осыған ұқсас ақпарат таратқан.

Ресейде ішінара мобилизация 21 қыркүйекте жарияланған. Ресей билігі Украинаға 300 мыңнан астам адамды әскерге шақырмақшы. Осыдан кейін Ресейдің ірі қалаларында қарсылық акциясы өтіп, екі жарым мың адам қамалған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG