Жексенбі күні АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан "егер Украинаға ядролық қару қолданатын болса, Ресейге салдары өте ауыр болатынын" мәлімдеді. Бұл жөнінде Америка дауысы хабарлады.
"Вашингтон ядролық соққыға өте шешімді жауап қатуы мүмкін" деген Салливан нақты қандай жауап берілетінін айтпаған. "АҚШ-тың реакциясы қандай болатыны жөнінде Мәскеудің өзіне жазбаша түрде ескерту берілді" дейді АҚШ шенеунігі.
Өткен аптаның сәрсенбісінде БҰҰ бас ассамблеясында сөйлеген АҚШ президенті Джо Байден Ресей президенті Владимир Путинді "Еуропаны ядролық қарумен қоқан-лоқы жасады" деп айыптап, ядролық қаруды таратпау туралы міндетін орындамай отыр деп кінәлаған.
The Washington Post газеті өзінің дереккөздеріне сүйене отырып, Вашингтон кейінгі айларда ядролық соққа жасалса жауап берілетіні жайлы Мәскеуді бірнеше рет ескерткенін жазған.
Жұма күні Ресей сыртқы істер минисрінің орынбасары Сергей Рябков Мәскеу өзге елдерге ядроық қатер төндірмейді деп мәлімдеген.
ПІКІРЛЕР