Accessibility links

Ресей мобилизацияға жарамды азаматтарын елден шығармауы мүмкін


Ресей мобилизацияға жарамды және әскери міндетті азаматтарының ел аумағынан шығуына тыйым салуы мүмкін. Бұл жөнінде "Вёрстка", "Медуза", "Сота", "Важные истории" және "Ходорковский LIVE" арнасы Кремль мен федералды қауіпсіздік қызметіне жақын дереккөздерге сүйеніп хабарлады.

"Важные истории" тыйым 26 қыркүйек, яғни бүгіннен бастап күшіне енуі мүмкін деп санайды. "Медузаның" екі дереккөзі тыйым 28 қыркүйектен, "Вёрстка" басылымы 30 қыркүйектен басталатынын айтады. "Ходорковский LIVE" әскери міндетті әйелдер де (негізінен дәрігерлер) тыйымға ілігеді деп хабарлады.

"Вёрстка" басылымы дереккөздерінің сөзінше, Ресей билігі ер адамдардың жаппай шетелге кетіп жатқанынан сескенген. Шекараны жабу мәселесін осы аптада президент пен мемлекеттік дума талқылап, түпкілікті шешім қабылдайды.

21 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин ішінара мобилизация туралы жарлыққа қол қойған. Сол сәттен бастап Ресейден қашқан ер адамдар күрт көбейіп, шекаралас елдермен арада кептеліс пайда болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG