Accessibility links

Ішкі істер министрі Қаңтарда жоғалған Өзбекстан азаматтары туралы естімеген


Қаңтар оқиғасы кезінде Қазақстан президентінің Алматыдағы резиденциясына кірген көлік. Алматы, 6 қаңтар 2022 жыл
Қаңтар оқиғасы кезінде Қазақстан президентінің Алматыдағы резиденциясына кірген көлік. Алматы, 6 қаңтар 2022 жыл

27 қыркүйекте Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Қаңтар оқиғасы кезінде жоғалған Өзбекстан азаматтары туралы Азаттық журналисінің сұрағына жауап берді.

"Із-түзсіз кеткен Өзбекстан азаматтары жөнінде шағым түскен жоқ,- деді министр Марат Ахметжанов.

Алайда тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов министрдің ақпаратын түзеп, Өзбекстанның Қаңтар оқиғасынан кейін жоғалған екі азаматының біріне байланысты қылмыстық іс қозғалып, екіншісіне іздеу жарияланғанын айтты.

- Азат Жұманиязовты іздеп жатырмыз. Ал 2014 жылы Қазақстанға келіп таксист болып жұмыс істеп жүрген Мақсет Қанатбаев 6 қаңтардан бері із түссіз кетті, соған байланысты қылмыстық іс қозғалып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тергеп жатыр,- деді ол.

Қаңтар оқиғасынан соң із-түзсіз кеткен 32 жастағы Мақсет Қанатбаев Алматыға Қарақалпақстанның Тақияташ қаласынан 2020 жылы келген. Алматыдағы "Алтын Орда" базарында жүкші болып жұмыс істеп жүрген оны Қаңтар оқиғасы кезінде полиция ұстап әкеткен. Полиция оны 12 қаңтарда босатқанын айтқан, алайда сол күйі үйіне келмеген. Мақсет Қанатбаевтың туыстары тергеу жұмыстары жылжымай тұрғанын, оны ұстаған полиция бөлімінен жауап ала алмай жүргенін айтып Азаттыққа бірнеше мәрте шағымданған.

Қарақалпақстанның 1978 жылы туған азаматы Азат Жұманиязовты туыстары 4 қаңтардан бері іздеп жүр. Құқық қорғау органдары да іздеу жариялағанымен, нәтиже шығармаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG