Accessibility links

Beeline ресейлік 15 телеарнаны көрсетуді тоқтатады. Олардың арасында "Россия 24" пен "Первый канал" бар


Beeline Қазақстан операторы 5 қазаннан бастап "TV+Үйдегі интернет" пакетінен және BeeTV сервисінен ресейлік телеарналар алып тастайынын хабарлады. Енді Beeline пакетінде Ресейдің мына арналары болмайды:

  • "Дом кино",
  • "Победа",
  • "О!",
  • "Первый канал СНГ",
  • "НТВ МИР",
  • "Карусель International",
  • "Россия 24"
  • "Музыка Первого",
  • "РТР Планета",
  • "Время: далекое и близкое",
  • "Телекафе",
  • "Поехали",
  • "Дом кино Premium HD",
  • "Бобёр",
  • "Россия К".

Оператор ресейлік телеарналардың орнына "Еврокино", "Любимое Кино", "1HD music", "Еда Премиум HD" арналары көрсетілетінін мәлімдеді.

Ресей Украинаға басып кірген соң Қазақстанға ресейлік кремлшіл телеарналардың ықпалы жайлы көп айтыла бастаған.

Сәуірде қоғамдық пікірге мониторинг жасайтын Demoscope бюросы әлеуметтік сауалнама жүргізіп, қазақстандықтардың едәуір бөлігіне Ресей пропагандасы әсер етіп жатыр деп мәлімдеген. Зерттеу авторлары қазақстандықтар Ақорда мен жергілікті басылымдардың мәлімдемесінен гөрі Ресей басылымының агрессивті ақпаратын қабылдайды деген еді.

Ақпанда Ресей Украинада басып кіргенде Қарағанды облысындағы "Ремстройсервис" компаниясы соғысқа наразылық ретінде Ресей телеарналарын өшіріп тастаған. Интернет пен телевидения қызметін ұсынатын компания "соғысқа және соғыс пропагандасына қарсымыз" деп мәлімдеген. Бірақ компания сол күні ресейлік телеарналарды қайта қосқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG