Accessibility links

"Дүрлігуге негіз жоқ". Алматы әкімдігі пәтер жалдау құнының қымбаттауына байланысты түсініктеме берді


Алматыда пәтер жалдау құнының қымбаттауына байланысты сұраққа жауап берген Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев "дүрлігуге негіз жоқ" деп мәлімдеді.

27 қыркүйек күнгі брифинг кезінде ол әкімдіктің баспана жалдау құны туралы 12 мың хабарландыруды анықтап, мониторинг жүргізгенін айтты. Кейбіріне хабарласып та көрген.

"Сирек кездесетін жайттарды айтпағанда хабарландырудағы бағалар көрші елде мобилизация жариялағанға дейінгі деңгейден өзгермеген деп нақты айта аламыз. Сол себепті дүрлігуге негіз жоқ. Мұның еркін нарық екені түсінікті ғой. Қандай да бір қозғаушы күш болған шақта соны пайдаланып, ақша тапқысы келетін адамдар болады" деді Қырықбаев.

Кrisha.kz сайтында жарияланған хабарландырулардың бірі. Онда пәтер жалдау құны — 800 мың теңге деп көрсетілген (2022 жылдың 27 қыркүйек күнгі бағам бойынша 1 675 доллар).
Кrisha.kz сайтында жарияланған хабарландырулардың бірі. Онда пәтер жалдау құны — 800 мың теңге деп көрсетілген (2022 жылдың 27 қыркүйек күнгі бағам бойынша 1 675 доллар).

Оның айтуынша, егер пәтер иесі жалға алған адамды үйден қуып шықса, онда жалға алушы құқық қорғау органдарына шағым түсіре алады.

Алматы әкімдігінің өкілі 21 қыркүйек – Ресейде ішінара мобилизация жарияланғалы бері – Алматыға келген ресейліктер көбейгенін айтты. 21-26 қыркүйек аралығында 2851 адам жеке сәйкестендіру нөмірін алуға өтініш берген.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, 22-27 қыркүйек аралығында Алматыға 5066 Ресей азаматы келіп, 4172 адам қаладан шыққан. 894 ресейлік қала аумағында қалған. Арман Қырықбаев "мемлекеттік органдар келгендерге заңға сәйкес қажетті көмек көрсететінін" айтты.

Алматыда пәтер жалдау құнының қымбаттағаны туралы ақпарат тамыздың соңында қыркүйектің басында – студенттер демалыстан оралған кезде хабарланған. Ол кезде әлеуметтік желіде кейбір студенттердің жалдайтын пәтер таппай, компьютер клубтары, мешіттер мен саябақтағы сәкілерде қонғаны жайлы ақпарат та болған.

Ресейде мобилизация жарияланып, ресейліктердің көрші елдерге, оның ішінде Қазақсанға да үдере көше бастағаны жайлы хабар тараған шақта елде пәтер жалдау құны тағы қымбаттады.

Қарай отырыңыз: Соғыстан қашқан ресейліктер көбейген тұста Алматыда пәтер жалдау қымбаттады (23 қыркүйек 2022 жыл).

Соғыстан қашқан ресейліктер көбейген тұста Алматыда пәтер жалдау қымбаттады
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:33 0:00

XS
SM
MD
LG