Accessibility links

Латвия мобилизацияға байланысты Ресеймен шекарада төтенше жағдай жариялады


Латвия үкіметі Мәскеу жариялаған мобилизацияға байланысты Ресеймен шекарада төтенше жағдай жариялады. ТЖ режимі 28 қыркүйекте күшіне еніп, үш айға созылады. Үкімет сайтында осылай деп жазылған.

Үкіметтің хабарлауынша, ТЖ режимі Алуксненский, Балвский және Лудзенский өлкесінде енгізіледі. Жаңа режим порттар, әуежайлар, шекараны өткізу пунктілері мен теміржолдарға да қатысты.

Латвия билігі мобилизациядан қашқан ресейліктердің ағынын тежеу үшін Педедзе шекара пунктін жауып жатыр. Мемлекеттік шекара қызметіне Ресеймен шекарадан өтетін азаматтарды қатаң бақылауға алу туралы бұйрық берілген.

Осыған дейін Латвия мобилизациядан қашқан ресейліктерге гуманитарлық виза бермеу немесе Шенген визасы барларды ғана шекарадан өткізуді ұйғарған. Сыртқы істер министрлігі мұны "қауіпсіздік мақсатында" деп түсіндірген.

Болгариядан кейін Польша сыртқы істер министрлігі де Ресей аумағындағы азаматтарын елден кетуге үндеп, поляктарға Ресейге бармауға кеңес берді.

  • 21 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин Украинада соғысты жалғастыру үшін мобилизация жариялаған. Путиннің түсіндіруінше, запаста жүрген азаматтар әскерге шақырылады. Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу "ішінара" мобилизация аясында 300 мың адам шақырылатынын мәлімдеген. Дегенмен кейбір дереккөздер билік шамамен бір миллион азаматты соғысқа жіберуді жоспарлап отыр деп хабарлаған.
  • Елде мобилизация жарияланғалы бері ондаған Ресей азаматы көрші елдерге кетіп, шекара пункттерінде көп шақырымға созылған көлік кептелісі пайда болды.
XS
SM
MD
LG