Accessibility links

БҰҰ мобилизацияға наразылық білдірген ресейліктерді босатуға үндеді


БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссар өкілі Равина Шамдасани.
БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссар өкілі Равина Шамдасани.

БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссар басқармасы 28 қыркүйекте мәлімдеме жасап, Ресейде күштік құрылымның "ішінара мобилизацияға" қарсылық білдірген азаматтарды ұстауын айыптады.

Жоғарғы комиссар өкілі Равина Шамдасани бейбіт жиын мен пікір айту еркіндігі құқығын жүзеге асырғаны үшін азаматтарды қудалауға болмайтынын айтып, ұсталғандарды дереу босатуға үндеді.

"ОВД-Инфо" құқық қорғау тобының мәліметінше, 21-26 қыркүйек аралығында Ресейде мобилизацияға қарсы акциялар кезінде 2398 адам ұсталған. Арасында жалғыз адамдық пикет өткізгендер де бар. Наразылық кезінде "ОВД-Инфо" құқық қорғау тобы БҰҰ-ға екі есеп жіберген.

Құқық қорғаушылар жаппай ұстау, күштік құрылым қызметкерлерінің акцияны тарату кезінде күш қолдануы, ұсталғандарға адвокаттарды жібермеу, полицейлердің ұсталғандарға қоқан-лоқы көрсетуі сияқты жайттарды атап өтті. Заңгерлер сонымен бірге биліктің наразыларға әскерге шақырту тапсырып, армияны саяси көзқарасын ашық жеткізгені үшін жазалау құралы ретінде пайдаланғанын жеткізді. Құқық қорғаушылардың айтуынша, билік ар-ұжданға сүйеніп, әскерден бас тартқан азаматтардың құқықтарын сақтауы тиіс.

XS
SM
MD
LG