Accessibility links

Қырғызстанда білім және ғылым министрі ұсталды


Алмазбек Бейшеналиев.
Алмазбек Бейшеналиев.

Қырғызстанда "пара алды" деген күдікпен білім және ғылым министрі Алмазбек Бейшеналиев ұсталды. Бұл жөнінде Қырғызстанның ІІМ хабарлады.

"Ол 110 мың доллар көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Ақша шетелдік студенттерден Қырғызстанның жоғары оқу орнына түсу үшін алынған. Тергеу ісі аяқталған соң, мән-жайдың бәрі айтылады",- делінген баспасөз мәлімдемесінде.

ІІМ тергеу нәтижесі бойынша бар ақпаратты хабарлайтынын айтты.

41 жастағы Алмазбек Бейшеналиев 2022 жылы ақпанда білім және ғылым министрі болып тағайындалған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG