БҰҰ жанындағы босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссар басқармасы 16 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Тәжікстаннан 85 ауған босқыны мәжбүрлі түрде депортацияланғанын мәлімдеді.
Аталған ұйымның Тәжікстандағы өкілдігінің мәліметінше, депортацияланған босқындардың бірінде БҰҰ босқыны мәртебесі болған. Қалғандарында тәжік билігі тарапынан берілген ресми құжаттары болған.
БҰҰ мәліметінше, 2022 жылдың жазында Тәжікстанда 8500 ауған босқыны болған. Оның 5700-і тәліптер билікке келгеннен кейін қашып келген. Қашып келгендердің дені Тәжікстан арқылы үшінші мемлекетке өтіп кеткен. Соңғы бір жылда төрт мың ауған босқыны Канада және Еуропа елдеріне өтіп кеткен.
Тәжікстанды паналаған ауған босқындары 5 қыркүйекте президент Эмомали Рахмонға үндеу арнап, билік басында тәліптер отырған Ауғанстанға "босқындарды мәжбүрлеп қайтаруды тоқтатуын" сұраған.
ПІКІРЛЕР