Accessibility links

Польша Беларусьпен арада дуалды салып біткенін хабарлады


Поляк-белорус шекарасындағы дуал. Маусым айы, 2022 жыл.
Поляк-белорус шекарасындағы дуал. Маусым айы, 2022 жыл.

Польша Беларусьпен шекарадағы дуал құрылысын аяқтады. Бұл жөнінде Польшаның арнайы қызметінің өкілі Станислав Жарын мәлімдеді.

"Польшаға қазір заңсыз кіру мүмкін емес. Поляк шекарасы қазір Еуропадағы қорғанысы ең мықты шекара" деп жазды Жарын Твиттер парақшасында.

Дуал салуға Польша 1,6 млрд злото (шамамен 330 млн еуро) жұмсады.

Дуал құрылысы 2021 жылы күзде Беларусь арқылы ЕО-ға заңсыз өтпек болған мигранттар ағыны күрт артуына байланысты басталған.

Сол кезде Еуроодақ өкілдері Александр Лукашенконы "мигранттарды құрал ретінде пайдаланды", Минск сол арқылы 2020 жылы президент сайлауынан кейін наразылықты басып-жаншығаны үшін енгізген санкциясы үшін Брюссельден кек алғысы келеді деп айыптаған.

Литва билігі де Беларусьпен шекарасына дуал тұрғызған. Құрылысы биыл тамызда аяқталған. Биіктігі бес метр, жоғары жағына темір тікенектер қойылған дуалдың ұзындығы 502 шақырым.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG