Accessibility links

Ресей депутаты бір жарым миллион әскери киім комплектісі қоймадан жоғалып кеткенін мәлімдеді


Ресейдің Оңтүстік әскери округі қолбасшысының бұрынғы орынбасары, Ресей мемлекеттік думасының депутаты Андрей Гурулёв "қоймадан бір жарым миллион әскери форма жоғалып кеткенін, оның қалай жоғалғанын еш түсінбей отырғанын" мәлімдеді.

Ресейде мобилизация басталған соң әскерге алынғандарға қарапайым әскери киім жетпей жатқаны жөнінде хабар көбейген.

"Бұрын бәрі бар еді, бір жаққа ұшып кетті ме? Мұны ешкім, ешқашан түсіндіре алмайды!", — дейді депутат. Бұл сөзді "Сибирь.Реалии" жариялаған.

24 қыркүйекте Ресей қорғаныс министрінің қарулы күштерді материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етуге жауап беретін орынбасары, армия генералы Дмитрий Булгаковтың өзге жұмысқа ауысқаны хабарланған. Ол бұл қызметті 2008 жылдан бері атқарған.

21 қыркүйекте Владимир Путин Ресейде ішінара мобилизация жариялаған. Ресейдің әскерден қашқан жүздеген мың азаматы Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Армения мен Грузияға қашқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG