Accessibility links

Ресейдің конституциялық соты Украина жерін аннексиялау туралы келісімді "заңды" деп есептеді


Владимир Путин (оң жақта) мен Ресей конституциялық сотының төрағасы Валерий Зорькин
Владимир Путин (оң жақта) мен Ресей конституциялық сотының төрағасы Валерий Зорькин

Ресейдің конституциялық соты Херсон, Запарожье, Донецк, Луганск және Николаев облысының кей бөлігін аннексиялау туралы Владимир Путиннің сепаратистер басшыларымен жасаған келісімі Ресей конституциясына сай келеді деп мәлімдеді.

30 қыркүйекте Кремльде жасалған бұл келісім бойынша, Ресей құрамына Украинаның ДХР, ЛХР, Херсон және Запорожье облыстары кірді.

Конституциялық сот қаулысына қарағанда, аннексияланған жерлерде 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін өтпелі кезең жарияланады. Олардың уақытша басшыларын Путин тағайындайды.

Енді аннексияны Ресей мемлекеттік думасы мен федерация кеңесі конституциялық заң қабылдап, түпкілікті бекітуге тиіс.

Конституциялық сот мүшелерінің ішінде қарсы болғандар бар ма, жоқ па белгісіз. Дауыс берерден бір апта бұрын, 27 қыркүйекте судья Константин Арановский отставкаға кеткен.

2014 жылы бұл орган осындай жолмен Қырым мен Севастопольдің аннексияланғанын мақұлдаған.

Әлемнің көптеген елдері Ресей аннексиясын мойындамайтынын мәлімдеді. Украина өз жерін әскери күшпен қайтаратынын айтып отыр.

Ресей Қырымды аннексиялардан бұрын Қырым түбегін толығымен бақылауына алған еді. Ал қазір аннексиялаған облыстардың ешбіріне толық бақылау орната алған жоқ. Запарожье облысының басым бөлігі (облыс орталығы Запарожье қаласымен қоса алғанда), Донецк облысының бір бөлігі, Херсон облысы мен Луганск облыстарының шағын бөліктері Украина бақылауында тұр. Ресей аннексиялаған күннің ертеңіне Украина Донецк облысының Лиман қаласын қайтарып алған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG