Accessibility links

Индонезия билігі Маланг стадионындағы дүрбелеңде өлгендерді азайтып көрсетті


"Индонезия билігі футбол алаңындағы дүрбелең кезінде өлгендердің нақты санын дәл білмей отыр" деп жазады Би-би-си. Биліктің сөзіне қарағанда, футбол алаңында тапталып өлгендер жексенбі күні түске дейінгі есеп бойынша 125-ке жеткен.

Оқиға 1 қазанда Индонезияның Шығыс Ява провинциясындағы Маланг қаласында болған. Arema Malang пен Persebaya Surabaya командалары арасындағы матч 2 : 3 есебімен аяқталған. Нәтижеге көңілі толмаған Arema фанаттары ойыншыларға бөтелке лақтырып, алаңға шығып кеткен. Полиция көзден жас ағызатын газ қолданған. Куәлердің сөзінше, газға уланған көрермендер тұншығып, айғай-шу басталған. Жүздеген адам шығар есікке ұмтылып, бірін-бірі таптап өте бастаған. Шенеуніктер 34 адам алаңда, тағы да ондаған адам ауруханаға барғанда және барар жолда өлді деп мәлімдеген.

Жергілікті шенеуніктер жексенбі күні таңертең өлгендер саны 174 деп көрсеткен, бірақ кейіннен Шығыс Ява губернаторының орынбасары Эмиль Дардак өлгендер санын 125-ке дейін азайтқан. Оның сөзінше, кейбір өлгендер екі рет есепке алынған. Бірақ ол өлгендер мұнан да көбеюі мүмкін екенін айтқан, өйткені әлі күнге ауыр жағдайда жатқандар бар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG