Accessibility links

Орал соты түнгі клубта төбелес шығарған Ресей азаматтарын елден шығару жөнінде шешім қабылдаған


Орал сотының алды. Көрнекі сурет.
Орал сотының алды. Көрнекі сурет.

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Ресейдің мас болып, төбелес шығарған екі азаматын елден шығару жөнінде шешім қабылдаған. Бұл туралы Қазақстан ішкі істер министрлігінің Polisia.kz сайты хабарлады. Сот отырысы 3 қазанда өткен.

Бұл - Ресей президенті 21 қыркүйекте ішінара мобилизация жариялаған соң тәртіп бұзғаны үшін Қазақстан аумағынан сот шешімімен шығарылған алғашқы оқиға.

Бұған дейін Қазақстан ішкі істер министрлігі Орал қаласындағы түнгі клубта төбелес шыққанын хабарлаған.

"Полиция мас болып, екеуара төбелескен Ресейдің екі азаматын ұстады. Куәгерлер растады. Төбелескендер полиция бөліміне әкелінді", - дейді Қазақстан ішкі істер министрлігі.

Ресей азаматтарына "қоғамдық орындарда ішімдік ішіп, ұсақ бұзақылық жасады" деген әкімшілік айып тағылған. 1992 және 1995 жылы туған ресейліктер бес тәулікке қамалған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG