Accessibility links

Камчаткада алеут тілінде сөйлейтін соңғы адам көз жұмды


Вера Тимошенко және Геннадий Яковлев
Вера Тимошенко және Геннадий Яковлев

Ресейдің Камчатка өңірінде алеут тілінде сөйлейтін соңғы адам Геннадий Яковлев қайтыс болды. Бұл жөнінде Алеут округының дума төрайымы Галина Королева сөзіне сүйенген "Кам-24" сайты хабарлады.

Оның айтуынша, Яковлев 86 жаста болған. Командор архипелагындағы Беринг аралында Никольское ауылында тұрған. Алеут тілінің ресейлік диалектісімен кейінгі жылдары екі-ақ адам сөйлеген. Беринг диалектісінде сөйлеген Вера Тимошенко 2021 жылы 93 жасында көз жұмған.

Геннадий Яковлев алеут тілінің медный диалектісін меңгерген. Оның балалық шағы Медный аралында өткен, кейін жетіжылдық мектепті бітіріп, радист болған. Баян, гитара, балалайка, контрабаста аспаптарында ойнап, "Командорские шутники" ансамблінің мүшесі болған. "Унанган" ансамбіліне де жетекшілік еткен.

Командор архипелагы – Ресейде алеуттер тығыз шоғырланған жалғыз өңір. Ресейде шамамен 500 алеут тұрады. Бұл халықтың бір бөлігі АҚШ солтүстігіне де шоғырланған.

XS
SM
MD
LG