Accessibility links

Абай облысы басшысының бұрынғы орынбасары Семей әкімі болып тағайындалды


Семей әкімі Нұрбол Нұрсағатов.
Семей әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Жаңадан құрылған Абай облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрбол Нұрсағатов Семей әкімі болып тағайындалды. Семейді бұған дейін басқарған Бақытжан Байахметов сенатқа кеткен.

40 жастағы Нұрбол Нұрсағатов еңбек жолын 2003 жылы бастаған. Әр жылдары индустрия және сауда министрлігінің құрылыс істері комитетінде, Астана әкімдігінде түрлі қызмет атқарған. 2011-2012 жылдары ауыл шаруашылығы министрлігінде су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары болды. Бұдан бөлек, Шығыс Қазақстан облысында көлік басқармасына жетекшілік еткен, Алматы әкімдігінде құрылыс басқармасын басқарған. Астананың Байқоңыр және Алматы ауданы әкімдіктеріне басшы болды.

2022 жылы шілдеден бастап Абай облысы әкімінің орынбасары болған.

Семейдің бұрынғы әкімі Бақытжан Байахметов тамыз айында жаңадан құрылған облыстардан сенатқа сайланатын депутаттар сайлауында жеңімпаз танылған.

2022 жылы маусымда Қазақстанда жаңа үш облыс құрылды. Солардың бірі орталығы Семей қаласы деп бекітілген Абай облысы Шығыс Қазақстан облысы құрамынан бөлініп шықты.

XS
SM
MD
LG