Accessibility links

Запорожье қаласы түнде зымырандармен атқыланып, кемінде 17 адам қаза болды


9 қазанға қараған түні Запорожье қаласы жаппай зымырандар шабуылына ұшырады. Облыстың әскери әкімшілігі шамамен 10 жарылыс тіркелгенін хабарлады.

Қалалық кеңес хатшысы Анатолий Куртев Телеграм арнасында көптеген тұрғын үй кешендерінің бүлінгенін жазды. Бұдан бөлек, бес жеке үй қираған, 40 үй бүлінген.

Куртевтің айтуынша, кемінде 17 адам қаза болған. Қалада өрттер сөндіріліп, үйінділер аршылып жатыр.

Бірнеше күн бұрын Запорожьеге шабуылдан 11 адам қаза болған еді.

Запорожье облысының басым бөлігі орыс әскерінің бақылауында қалып отыр. Аймақтағы ең ірі Запорожье қаласын орыс әскері басып ала алмады. Ресей зымыран соққысына түсініктеме бермеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG