Accessibility links

Беларусь Украинаны "шабуыл жасауға дайындалып отыр" деп айыптады


Александр Лукашенко
Александр Лукашенко

Минск Украинаны "Беларусь жеріне шабуыл жасауға дайындалып отыр" деп айыптады. 8 қазанда Украина елшісі Игорь Кизимді Беларусь сыртқы істер министрлігі шақырып алып, дипломатиялық нота тапсырған. Нотада Украина Беларусь жеріне "соққы жасауға" дайындалып жатқаны айтылған.

Украина сыртқы істер министрлігі бұл айыптауды "Лукашенко режимінің қойылымы" деп атап, "Украина ешқашан өзгенің жеріне қолсұққан емес" деп жауап берген.

Украина сыртқы істер министрлігі "нота тапсыру" - Ресей ұйымдастырған әрекет болуы мүмкін деп есептейді.

Украина Беларусь билігін "Кремль тапсырмасын орындауды тоқтатуға", беларусь халқын арандатуға ермеуге шақырды.

Диктатор Александр Лукашенко Ресейдің Украинадағы соғысына Беларусьтің қатыспайтынын, тек жаралылар мен босқындарды қабылдайтынын бірнеше рет мәлімдеген. Бірақ Беларусь жерін Ресей Украинаға басып кіретін соғыс плацдармы ретінде пайдаланып отыр. Минск Мәскеудің одақтасы ретінде АҚШ пен Еуропа елдерінің санкциясына іліккен.

Қазан айының басында Украина қарулы күштері Ұлттық гвардия және мемлекеттік шекара қызметімен бірге Беларусьпен шекарада әскери жаттығуларын жалғастырған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG