Accessibility links

БАҚ: "Таңдауым Тоқаев емес, Путин" деген Солтүстік Қазақстан облысының тұрғынымен ҰҚК айналысып жатыр


Владимир Путинді президентім деп атаған Солтүстік Қазақстан облысының тұрғынымен ұлттық қауіпсіздік комитетінің осы облыстағы департаменті айналысып жатыр. Бұл жөнінде КазТАГ хабарлады.

Бұған дейін әлеуметтік желіде видео жарияланып, онда екі қыз Петропавлда тұратынынын және қаланы "орыстың байырғы жері" деп санайтынын айтқан.

Олардан кімге дауыс беретінін сұрағанда "Тоқаевқа емес, Путинге дауыс береміз" деп жауап берген.

Олар мұнан өзге, қазақстандық достарының Украинаға қарсы Ресей жағында соғысып жүргенін айтқан. Қазақстан заңы бойынша өзге елдегі соғысқа қатысуға тыйым салынады.

Өткен аптада Қазақстан БАҚ-тары Орал қаласының жергілікті тұрғынын "әлеуметтік араздық туғызғаны және сепаратистік көзқарасы үшін" соттайын деп жатқанын хабарлаған. Бұл хабарға қарағанда, Орал тұрғыны Максим Яковченконің әлеуметтік желідегі пікірлері ішінде "Қазақстанның кейбір қалаларын Ресейге беру керек" деген сөз болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG