Accessibility links

АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі: Беларусь баяғыда-ақ Ресейге егемендігін берген


Александр Лукашенко

Ресей әскерін белорустардың "нан мен тұзбен" қарсы алғаны жөнінде видео мен суреттер тараған шақта АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Нед Прайс мәлімдеме жасады. Суреттерді Беларусь қорғаныс министрлігі жариялаған.

"Лукашенко режимі Кремль мен оның Украинаға агрессиясын қолдай берсе, біз тек Ресей ғана емес, Беларуське, оның ішінде институттар мен элитасына қарсы экономикалық шара қолдана береміз" деді АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Нед Прайс. Оның сөзінен "Америка дауысы" үзінді келтіреді.

Прайстың айтуынша, Александр Лукашенконың саясаты кесірінен "Беларусь едәуір дәрежеде Ресейге егемендігін берген". Оның пікірінше, "Путин белорус территориясын әскери плацдарм ретінде пайдаланып отыр".

Ресей әскерінің Украинаны белорус жағынан атқылауы "Лукашенко режимінің халық мүддесін қорғамайтыны, тек қара басының қамын ойлайтынын дәлелдей түседі" деді АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі.

Бұған дейін Александр Лукашенко Украинаны Беларуське шабуыл жасады деп айыптап, Ресеймен бірігіп, әскери топ жасақталғанын хабарлаған.

Украинаның әскери барлау қызметі 9 қазанда Ресей президенті Владимир Путин Лукашенконы Украинадағы соғысқа тартуға тырысып жатыр деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG