Accessibility links

Балтық елдері Ресей басшыларын жауапқа тартатын трибунал құруға шақырды


Халықаралық Гаага трибуналының эмблемасы
Халықаралық Гаага трибуналының эмблемасы

Латвия, Литва және Эстония сыртқы істер министрлері Еуропа одағы мен оның халықаралық серіктерін Ресей әскерінің Украина жеріндегі қылмыстарын тексеретін және кінәлілерді жауапқа тартуға заңды негіз қалайтын трибунал құруға шақырды.

Балтық елдері сыртқы істер министрлерінің бірлескен мәлімдемесінде Еуропаның кейбір елдері мен халықаралық қылмыстық соттың Украинадағы тексерістері "Ресейдің саяси және әскери басшылығын жауапқа тартуға жеткіліксіз" екені айтылған.

"Тұрғын үйлерге, мектептер мен балалар алаңына және Украинаның бүкіл азаматтық инфрақұрылымына жасаған шабуылы Ресейдің украин халқына жасап отырған террор кампаниясының бір көрінісі ғана. Еуропа одағы осы сорақы қылмысқа жауапты адамдарды іздестіруге әрекет жасауға тиіс", — дейді мәлімдемеде.

  • Биыл 24 ақпанда Владимир Путиннің бұйрығымен Ресей әскері Украина жеріне басып кірген. БҰҰ мәліметіне қарағанда, Ресей агрессиясынан қазан айына дейін Украинаның алты мыңнан астам бейбіт адамы өлген, оның 400-ге жуығы - балалар. Украина Ресейдің әскери қызметкерлерінің үстінен жүздеген қылмыстық іс қозғаған. Ресей бейбіт адамдардың өліміне қатысы бар екенін мойындаған емес.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG