Accessibility links

2022 жылы Ресейдегі әрбір үшінші еврей Израильге кетуі мүмкін


Мәскеудегі еврей синагогасы
Мәскеудегі еврей синагогасы

Украинадағы соғысқа байланысты 2022 жылы Ресейден Израильге 61 мың еврей кетуі мүмкін. Қазірдің өзінде 26 мың адам Израильге келген, тағы да 35 мың адам құжатын күтіп отыр. Бұл жөнінде британияның Guardian газеті еврейлердің "Сохнут" агенттігіне сілтеп хабарлаған.

Бұл - Ресейдегі әрбір үшінші еврей деген сөз, "Сохнут" Ресейде шамамен 165 мың еврей бар деп есептеген. Қазан айының басында еврей үкіметі репатриация құқығы бар ресейліктердің иммиграциясын жеделтететін процедураны мақұлдаған. Репатриант еврейлерге жәрдемдесетін "Сохнут" агенттігіне Әзербайжан мен Финляндияда репатрианттарға арналған транзит лагерь ашуға рұқсат берген деп хабарлайды "Вести" газеті.

Қазан айының басында Jerusalim Post басылымы "құжат алуға өтініш бергендердің бәрі бірдей Ресейден кетуді көздеп отыран жоқ, олар өздерінің құқықтарын нақтылап қойғысы келеді" деп хабарлаған. Басылымның жазуына қарағанда, олимдерге (жаңа репатрианттар) арналған тіл мектебі жетіспей жатыр. Репатрианттарға көмекпен шұғылданатын министрлік осы мақсатта Израиль үкіметінен шұғыл түрде миллиард шекел сұраған, бірақ 90 миллион шекел (282 және 25 миллион доллар) алған.

  • Израиль үкіметінің мәліметіне қарағанда, соғысқа дейін Ресейде репатриация құқығы бар 450 мыңға дейін азамат болған. Ресейдегі еврей конгресінің есебінше, 2021 жылы Ресейдегі еврейлер саны бір миллион үш жүз мыңға жеткен. Бұл цифр азаматтардың өзін қай ұлтқа жатқызатыны жөніндегі сауалнамаға байланысты шыққан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG