Accessibility links

Тоқаевты кандидаттықтан шығару туралы Әлнұр Ильяшевтің арызымен Астанада сот басталды


Қоғам белсендісі Әлнұр Ильяшев
Қоғам белсендісі Әлнұр Ильяшев

Қазақстан Жоғарғы соты 17 қазанда азаматтық белсенді, заңгер Әлнұр Ильяшевтің Орталық сайлау комиссиясының үстінен түсірген талап арызы бойынша әкімшілік істі қарай бастады.

Ильяшев Қасым-Жомарт Тоқаевты алдағы президент сайлауына кандидат ретінде тіркемеуді талап еткен.

Алғашқы отырысқа Әлнұр Ильяшев (шағымданушы) пен ОСК өкілі (жауапкер ) және прокурор қатысты.

Ильяшев талап арызында Тоқаевқа мүдделі заңы тұлға ретінде президент әкімшілігін көрсеткен.

Бұға дейін Жоғарғы сотқа президент әкімшілігі өздерін мүдделі тұлға ретінде сотқа тарту "негізсіз" деп санайтынын айтып, сотқа қатыстырмауды сұраған.

17 қазанда өткен сот отырысында Әлнұр Ильяшев бірқатар адамдарды, соның ішінде Азаттық тілшісін де кіргізбеген судья Ирина Калашниковаға сенімсіздік білдірген. Осыған байланысты сот отырысы кейінге қалған.

14 қазанда Әлнұр Ильяшев президент Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттікке кандидат ретінде тіркемеуді сұрап, Қазақстан Жоғарғы сотына талап арыз түсіргенін хабарлаған.

Ильяшев талап арызында Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан президенттігіне кандидат деп тіркеу туралы ОСК қаулысын заңсыз деп тануды талап еткен. Ильяшев ОСК "Қазақстан мерзімінен бұрын сайлау өткізіп, сайланбалы лауазымға лайықты балама ұсынуға жол бермейтін практиканы жүзеге асырып отыр" деп санайды.

12 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы сайлауда Қазақстан президенттігіне алғашқы кандидат болып тіркелген. Кандидаттар тіркеу 21 қазанға дейін жалғасады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG