Accessibility links

Нұрсұлтан Назарбаев ашқан Астана мешіті тарихи және мәдени ескерткіштер тізіміне қосылады


Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Астанадағы мешіттің ашылу рәсімен келген кезі. 12 тамыз 2022 жыл
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Астанадағы мешіттің ашылу рәсімен келген кезі. 12 тамыз 2022 жыл

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев тамыз айында Астана қаласында ашқан мешіт тарихи және мәдени ескерткіштер тізіміне қосылуы мүмкін.

Бұл жөнінде "Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы" Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 6 қазандағы № 508-2075 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Астана қалалық әкімдігінің қаулысында көрсетілген.

Биыл 12 тамызда Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан қаласында (қазіргі Астана қаласы) Орталық Азиядағы ең ірі мешіт деп аталған мешітті Нұрсұлтан Назарбаев ашқан.

Назарбаев 2019 жылы 19 наурызда қызметінен кетерден бір күн бұрын мешіттің іргетасын қалауға қатысып, жаңа мешіт "жеке азаматтар мен инвесторлар" есебінен салынатынын айтқан. Мешіт салуға қанша қаржы жұмсалғаны жарияланбаған.

Мешітті ашу салтанатында келгенде Нұрсұлтан Назарбаевтың айналасында бұрын ірі қызметте болған кейбір адамдар еріп жүрген еді.

Қазақстанды 30 жылға жуық басқарып, 2019 жылы биліктен кетсе де ықпалын сақтап қалған Назарбаев 2022 жылы Қаңтар оқиғасы кезінде қауіпсіздік кеңесінің төрағасы қызметін Тоқаевқа өткізген. Биыл маусымда конституцияға жасалған өзгерістер кезінде Назарбаевқа қатысы бар баптың бәрі өзгертілген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG