Accessibility links

Ресейдің Краснодар аймағындағы Ейск қаласына Су-34 әскери ұшағы құлады


Су-34 ұшағы апат болған жер. Ресей, Ейск қаласы. 17 қазан 2022 жыл
Су-34 ұшағы апат болған жер. Ресей, Ейск қаласы. 17 қазан 2022 жыл

Дүйсенбі күні кешке Ресейдің Краснодар аймағының Ейск қаласына әскери ұшақ құлады. Ұшақ тұрғын үйдің іргесіне түсіп, үлкен өрт шыққан. Ұшқыш катапульт арқылы секіріп үлгерген.

Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігінің әзіргі мәліметіне қарағанда, 4 адам өліп, 25 адам жараланған, алты адам хабарсыз кеткен. "Сота" телеграм-арнасы "алты адам өліп, 27 адам жараланғанын айтып отыр.

Ресей қорғаныс министрлігінің мәліметіне қарағанда, Су-34 ұшағы жаттығу кезінде құлаған. Катапаультпен секірген ұшқыштың сөзіне қарағанда, ұшып бара жатқанда ұшақ қозғалтқышының бірі істен шыққан.

Апат куәгерлерінің сөзінше, тоғыз қабат тұрғын үй өртенген. Әзіргі мәліметтерге қарағанда, 72 пәтер жарамсыз боп қалған.

Әлеуметтік желі қолданушылардың сөзіне қарағанда, ұшақ құлап, үй өртеніп жатқанда бірнеше рет жарылыс болған. Мұны ұшақтағы оқ-дәрі деген болжамдар айтылған. Куәлер сөзінше, жарылыс күшті болғандықтан жедел жәрдем үйге бірден жақындай алмаған.

Ресей президенті Владимир Путин аймақ басшыларын апат орнына дереу барып, зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG