Accessibility links

Ресей Украинаның энергетика нысандарын тағы да атқылады


Киевке жасалған соққы. Украина, 17 қазан 2022 жыл
Киевке жасалған соққы. Украина, 17 қазан 2022 жыл

Ресей Украинаның энегретика нысандарын кеше кешке тағы да зымыранмен атқылады. Негізінен Украинаның батыс облыстарындағы энергетикалық инфрақұрылымдарды көздеген. Кеше таңертең Киев пен Одессаны камикадзе дронмен бомабалаған.

УНИАН агенттігі Винницкая облысында бірнеше жарылыс болғанын, жергілікті билік "аса қажетті инфрақұрылымдарға" соққы жасалғанын растағанын хабарлаған.

Хмельницкий, Ровенский, Тернополь облыстарына да осындай шабуыл жасалғаны туралы хабар түсіп жатыр. Әзірге қандай да бір нысанның қирағаны туралы нақты ақпарат болмағанымен бұл облыстардың электр жүйесінен ақау шыққаны байқалады дейді Би-би-си.

Reuters хабарына қарағанда, Запарожье атом электр станциясының жұмысын қамтамасыз етіп тұрған жалғыз электрподстанциясына зақым келген. Украина "Энергоатом" компантиясы АЭС апат кезінде қосылатын генераторлармен жұмыс істеуге көшкенін растаған. Запорожье АЭС-і бұған дейін тоқтатылған, бірақ ондағы жылу элементтерін салқындатып тұру үшін электр тогы керек.

Украинаның солтүстігіндегі Сумск облысына да зымыран атылып, үш адам өлген.

Дүйсенбі күні таңертең Ресей камикадзе дрондармен Киев пен Одессаны бомабалаған еді. Киевте тұрғын үйге түсіп, кемі төрт адам өлген. Құтқарушылар 20-ға жуық адамды үйінді астынан алып шыққан.

Украинаның "Укрэнерго" компаниясының ғимаратына да соққы жасалған деген хабар тарап жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG