Accessibility links

Нұржан Әлтаевты президенттікке кандидат ретінде ұсыну туралы хаттаманы сот заңсыз деп есептеді


Нұржан Әлтаев
Нұржан Әлтаев

Астана қаласының соты республикалық "Мұқалмас" қоғамдық бірлестігінің тіркелмеген "Ел тірегі" партиясының жетекшісі Нұржан Әлтаевты осы ұйым атынан президенттікке кандидат ретінде ұсыну туралы хаттамасын заңсыз деп таныды.

"Сот қоғамдық бірлестіктің дауыс берген мүшелерінің басым көпшілігі Әлтаевты ұсынуға қарсы болғанын анықтады" деді судья Лаура Сүйіндікова.

Сотқа Ғазиза Әмірбекова, Анар Аяпбергенова, Майра Абдрахманова арыз түсірген. 17 қазанда сот олардың республикалық "Мұқалмас" қоғамдық бірлестігі өткізген жалпы жиналыс хаттамасын заңсыз деп тану туралы арызын қанағаттандырды.

7 қазанда Нұржан Әлтаев мерзімінен бұрын өтетін президент сайлауына республикалық "Мұқалмас" қоғамдық бірлестігінің атынан кандидат ретінде тіркеу жөнінде Орталық сайлау комиссиясына құжат тапсырған. Бірақ іле-шала Орталық сайла комиссиясына "Мұқалмастың" кейбір бөлімшелерінің басшылары "жиын хаттамасын бұрмаланды" деп мәлімдеген. Бірнеше күннен соң Орталық сайлау комиссиясы Әлтаевтың кандидатурасын тіркеу процедурасын тоқтата тұру жөнінде шешім шығарған.

Тіркелмеген "Ел тірегі" партиясының жетекшісі Нұржан Әлтаев мұны "оппозиция өкілінің сайлауға қатысуына кедергі жасау" деп мәлімдеген.

Нұржан Әлтаев 2019–2020 жылдары "Нұр Отан" партиясының атынан парламент мәжілісінің депутаты болған. Жаңа партия құратыны туралы мәлімдемесінен кейін депутат мандатынан айырылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG