Accessibility links

Ұлыбритания премьері Лиз Трасс отставкаға кетті. Ол билікте 44 күн ғана отырды


Лиз Трасс
Лиз Трасс

Ұлыбритания премьер министрі Лиз Трасс 20 қазанда отставкаға кететінін жариялады. Ол премьер қызметінде 44 күн отырды. Трасс – Британия тарихында премьер-министр қызметінде ең аз отырған саясаткер.

"Жаңа премьер тағайындалғанша бұл қызметте қала беремін" деді Трасс.

Лиз Трасс 6 қыркүйекте Консервативтер партиясының лидері әрі премьер-министр болып тағайындалған. Ол бұл қызметке Борис Джонсонның орнына келген. Джонсон да премьерліктен шумен кеткен.

Трасс билікке келген соң салық реформасын енгізбек болған, бірақ оның бұл бастамасы қоғам қарсылығына ұшырады. Трасс халық сынынан соң қаржы министрін ауыстыруға мәжбүр болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG