Accessibility links

Мереке күні Алматы белсенділерін полицейлер жеке көліктерімен торуылдап, ұстап әкете бастады


Белсенді Бибігүл Иманғалиеваға келіп тұрған полиция қызметкерлері. Алматы, 25 қазан 2022 жыл
Белсенді Бибігүл Иманғалиеваға келіп тұрған полиция қызметкерлері. Алматы, 25 қазан 2022 жыл

Бүгін, 25 қаңтар - "Республика күні" Алматы белсенділерін полиция қызметкерлері жеке көліктерімен торуылдап, біртіндеп полиция бөліміне әкете бастады. Қаланың бірнеше белсендіні полиция бөліміне әкеткені туралы хабар тарады.

Белсендінің бірі Бибігүл Иманғалиева кешеден бері үйінен шыға алмай отыр. Бұл жөнінде Азаттық тілшісіне Бибігүл Иманғалиева айтты. Ол "екі күннен бері жеке көліктерімен үйін торуылдап жүрген полицейлер далаға шықсам алып кете ме" деп қауіптенеді.

Азаттық тілшісі Бибігүл Иманғалиева көрсеткен көлікке барғанда ішінде екі полицей отырғанын көрді. Олар өздерін "учаске полицейіміз" деп таныстырып, Бибігүл Иманғалиеваның бүгін полиция бөліміне шақырылғаны туралы қағаз әкеліп отырғанын көрсетті.

Алайда, шақыру қағазда сағат нешеде полиция бөліміне келуге тиістігі және шақырушы қызметкердің аты-жөнін көрсетілмеген. Бибігүл Иманғалиева шақыруды заң талабына сай толтырып әкелуді талап етті.

Тіркелмеген "Алға, Қазақстан" партиясының ұйымдастыру тобының мүшесі Бибігүл Иманғалиева өзі қатысатын саяси ұйым қазанның 17-сіне Алматы әкімдігіне хабарласып, қазанның 25-іне митингі өткізетіні туралы хабар бергенін айтады.

Оның сөзінше, әкімдік "митингі өткізілетін жерде 25 қазанда мәдени шара өтетінін айтып" ауызша жауап берген.

Бибигіүл Иманғалиевадан өзге қоғам белсенділері Әсет Әбішев, Айдар Сыздықов, Қанатхан Әмреновтер Жетісу аудандық полиция бөлімшесіне әкеткен. Әсет Әбішевтің Азаттық тілшісіне айтуына қарағанда, полиция оларды не үшін әкеткенін түсіндірмеген.

Алматы қаласы бойынша тәуелсіз бақылаушылар ұйымының төрайымы Арайлым Назарованы да полиция әкеткені туралы хабар тараған. Оның телефон нөмірі ажырап тұр.

Бүгін Астанаға барып митингі өткізбек болған Шортанды қаласының тұрғыны Амангелді Жахинді де полиция кері қайтарған. Ол мерзімінен бұрын өтетін президент сайлауын өткізуду тоқтату, саяси партияларды тіркеу жөнінде талап қоймақ болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG