Қырғызстан астанасында 26 қазанда белгісіз біреулер SuperTV телеарнасының тілшісі Бақтұрсын Жоробековті ұрып кеткен. Бұл туралы телеарнаның Serep.kg сайты хабарлады.
Журналистің айтуынша, дәріханадан шыққан кезде оған бірнеше жігіт жабылған. Телеарна тілшісі шабуылды өзінің кәсіби қызметімен байланыстырды.
"Дәріханадан шыққан уақытта танымайтын бірнеше жігіт келіп, басымнан ұра бастады. Олардың бірі: "SuperTV телеарнасының журналисі, мені камераға түсірген", - деп айтты. Қай уақытта есімнен танып қалғанымды білмеймін. Үйге жеткен уақытта сағат 04:30 болыпты", - дейді Жоробеков.
Журналист милицияға шағым түсірген.
Астанадағы Ленин ауданы ішкі істер басқармасының баспасөз қызметіндегілер Азаттықтың Қырғыз қызметіне Жоробековтің шағымына қатысты мәліметті кейінірек беретінін айтты.
ПІКІРЛЕР