Accessibility links

Оралда белсенді саяси реформа талап етіп, бір адамдық пикет өткізді


Бекболат Өтебаев бір адамдық пикетке шыққан сәт. Орал, 28 қазан 2022 жыл.
Бекболат Өтебаев бір адамдық пикетке шыққан сәт. Орал, 28 қазан 2022 жыл.

28 қазанда Орал қаласында жергілікті белсенді Бекболат Өтебаев Қазақстанда саяси реформа жасауды талап етіп, бір адамдық пикет өткізді. Ол қала әкімдігінің алдындағы орталық алаңға "саяси тұтқындарға бостандық", "Назарбаев – диктатор" деген жазуы бар плакатпен шықты.

Өтебаев қолына әкімдікке бір адамдық пикет өткізуді ескерткен өтініші мен Қазақстан Конституциясын да ұстап тұрды. Сөзінше, ол әкімдікке "саяси реформа жасауды, кезектен тыс президент сайлауын 2023 жылдың мамырына шегеруді, "Алға, Қазақстан" партиясын тіркеуді талап ету үшін" 27-28 қазанда митинг өткізуге өтініш берген. Бірақ әкімдік оған пикет өткізуге рұқсат бермеген. Белсенді әкімдік рұқсат етпесе де пикет өткізді.

Пикет өткен жерге әкімдік қызметкерлері келіп, "шараның заңсыз екенін" ескертіп кетті. Тағы бір қызметкер белсендіні видеоға түсіріп алды. Өтебаев алаңда жарты сағат тұрып, плакатын жинап кетіп қалды.

Өтебаев өткен айда "Алға, Қазақстан" тіркелмеген партиясы жайлы ақпараттық қағаз таратқаны үшін айыппұл алған. Сот оның бұл әрекетін заңсыз деп санаған.

  • Қазақстанда жұрт бейбіт митинг өткізу үшін әкімдікке ескертуі керек. Бірақ жергілікті билік митинг өткізуге көбіне рұқсат бере бермейді.
  • Қазақстанда 20 қарашада кезекте тыс президент сайлауы өтеді. Бұл сайлауды қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған. Ол өзі де бұл сайлауға түспек. Сарапшылардың көбі сайлаудың нәтижесі алдын ала белгілі деп санайды. Қарашадағы сайлаудың нәтижесінен соң президент жеті жылға сайланады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG