Accessibility links

Ресей Qazaq Аir әуе компаниясына екі қаладан Новосибирскіге ұшуға "рұқсат етпеді"


Қазақстандық Qazaq Аir әуе компаниясы "Ресей билігі Астана мен Өскеменнен Новосибирскіге ұшуға рұқсат бермегендіктен" аталған бағыт бойынша рейстің уақытша тоқтатылғанын хабарлады. Әуе компаниясы 30 қазандағы Астана - Новосибирск бағыты бойынша рейсінің де ұшпайтынын хабарлады.

"Ресей Федерациясы авиациялық басшылығының Астана - Новосибирск, Өскемен – Новосибирск бағыттары бойынша халықаралық тұрақты ұшуды орындауға рұқсат беруден
бас тартуына байланысты аталған бағыттар бойынша рейстер уақытша тоқтатылды" деп жазылған әуе компаниясының жексенбі күні таратқан хабарламасында.

Әуе компаниясы жолаушыларға билет құнын толығымен қайтарып беретінін айтты. Жолаушылар ақшаны билетті қайдан сатып алса, сол жерден қайтарып ала алатынын хабарлады.

Ресей билігі оқиғаға түсініктеме бермеді.

Биыл ақпан соңында Ресей Украинаға басып кіріп, Мәскеуге Батыс санкциясы үдеген шақта Қазақстан мен Ресей арасында әуе қатынасы баяулаған. Көктемде Qazaq Air компаниясы "Ресей әуе кеңістігін сақтандыру мәселесінің туындауына байланысты Ресейге ұшуын" тоқтатып, кейін қалпына келтірген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG